Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Депутаттар лаңкестікке қарсы іс-қимыл жөніндегі заң жобасынан кейбір нормаларды жойып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Мәжіліс депутаттары лаңкестікке қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобасынан кейбір нормаларды жойып тастады. Бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі жұмыс тобының отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанат Жарасов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ішкі көші-қон мәселелері бойынша үлкен талқылаулар болды. Байқасаңыздар, алдын ала қорытындыда осы тезис көрініс тапқан еді. Мен оған тоқталып өткім келеді, себебі ол депутаттық корпус пен азаматтық қоғам өкілдері тарапынан орынды қызығушылық тудырып отырған басты мәселелердің бірі»,-деді Жарасов. Мәжілісмен Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғаларды тіркеу 20 жылдан астам мерзімде тәжірибеде бар екенін атап өтті. Заң жобасында пәтерде тұрушылар тіркеу ережесін бұзған жағдайда баспана иелеріне жауапкершілікті күшейту ұсынылуда. Осы нормаларда белгілі бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болғандықтан, Мәжіліс комитеті құқық қорғау органдары өкілдерімен бірлесіп, аталған нормаларды түбегейлі қарап шығып, олар заң жобасынан шеттетілді. Ал оның орнына баламалы ұсыныстар даярланды. Айта кетейік, отырыс барасында ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі Бюросының заңнама бойынша кеңесшісі Анна-Лиза Шатела заң жобасы бойынша алдын ала қорытындыны таныстырды. ЕҚЫҰ сарапшыларының қорытындысы заң жобасына сарапшылық бағалау жүргізу туралы жұмыс тобының сауалы аясында әзірленді. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 5 қазанында ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

[:]

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *