Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қауіпсіздік сарапшылары Қырғызстандағы терроризм қаупін талқылады

Сарапшылардың ойынша Қырғызстандағы терроризм қаупіне қарсы тұру үшін ұлттық қауіпсіздік жүйесің нығайту керек.

Қырғызстандық қауіпсіздік саласындағы сарапшылар мен теологтар мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік жүйесін талқылады.

Бұл билік өкілдерінің 600-ге жуық мемлекет азаматтары Сирияда шайқасып жатыр деген хабарымен байланысты.

3 қараша күні Бішкекте 30 шақты журналист пен 12 теологтар мен қауіпсіздік саласындағы мамандардың қатысуымен  «Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздігі:жартылай үнсіз нақты жағдай туралы» атты дөңгелек үстел өтті.

Негізгі мәселе діни экстремизм мен халықаралық терроризм қаупіне елдің сәйкес түрде жауап беруі болды.

Елеулі қауіп-қатер

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік  комитетінің бұрынғы төраға орынбасары Дасмир Узбековтың хабарлауынша, терроризм Қырғызстан үшін саяси құрылысты өзгертуге дейін апаратын үлкен қатер болып табылады.

«Ұлттық қауіпсіздік жүйесіне қауіп төңіп тұр.Бұндай жағдайда халыққа исламның мәнің түсіндіріп терроризмнен айырмашылығын жеткізу өте маңызды»,-деді ол.

Оның айтуынша, «ауқымды діни ағарту» басты рөл ойнауы мүмкін.

«Каравансарайға» берген сұхбатында Қырғыз-Ресей Славян университетінің жанындағы стратегиялық талдау мен болжам Институтының қызметкері Аман Салиев Қырғызстан ұлттық қауіпсіздігі үшін терроризм қаупі қырғыздық арнайы қызмет органдарының жұмыс деңгейіне байланысты емес.

Ағартудың маңызды рөлі

«Сирия мен Ирак елдеріндегі оқиғаларға дейін арнайы қызмет органдары ең ілгері болды,бірақ олар да жағдайды өз бақылауында ұстай алмады.Біздің мемлекет жағдайы саяси жағдайға байланысты болады»,деді ол.

Салиевтің ойынша, егер де мемлекет жаңа революция мен жаппай наразылық акцияларын болдырмаса,Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жуйесі халықаралық терроризм қаупіне қарсы тұра алады.

Мәселе Қырғызстанға КСРО-дан мұра болып қалған әлеуетті құрылымдардың жұмыс қағидасы толықтай жойылып,оның орнына жаңа ештене құрылмағаннан болып тұр. Тәуелсіздік жылдары еліміздің арнайы қызмет органдары үшін көптеген тренингтер өткізілді,бірақ бұл әуелетті мекемелердің жұмыс сапасына әсер етпейді.

Салиев та,Узбеков сияқты, діни ағарту терроризм мен діни экстремизммен күресудегі тиімді құрал болуы мүмкін деп санайды.

Қырғызстанның МҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, «Антитеррор» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Артут Медетбеков «Каравансарайға» Қырғызстан қоғамды шоғырландырса халықаралық терроризм қаупіне қарсы тұра алады деп айтты.

Оның айтуынша, халықаралық терроризммен күрес тек қана құқық қорғау органдары ғана емес, «жалпымемлекеттік мәселе» болуы қажет.

Мемлекеттің қауіпсіздігіне қазіргі кезде Сирияда соғысып жатқан Қырғызстанның 600-ден аса азаматы қауіп-қатер туғызады,деп толықтырды сөзің.

Қорқынышты статистика

«Қырғызстандықтардың Сирияға кеткенінен емес,олардың қайтып оралуынан қорқуымыз керек.Олар басқаларға әсер етсе,бұл ұлттық қауіпсіздік жүйесіне ықпал тигізеді»,-деді Медетбеков.

 «ИГИЛ [«Ирак және Левант Ислам мемлекеті» ], Сирия мен Ирактан ығыстырылып шығатын сияқты.Олар қайда барады десек?Олар Орталық Азияға ұмтылады»,- деп  Қырғызстанның Қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы Марат Иманқұлов санайды.

«Бүкіл азаматтар қауіпсіздікті сақтауға көмек беруі керек.Қоғамда дүрбелең болмау керек»,- деді Медетбеков.

Медетбековтың ақпараты бойынша соңғы 7 жылда Қырғызстанда тыйым салынған террористтік ұйымдар саны 9-дан 19 дейін өсті.

Дереккөз: Каравансарай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *