Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Еурокомиссия Шенген ақпараттық жүйесін жаңғыртуды ұсынды

Брюссель. 22 желтоқсан. Еуропалық комиссия терроризммен және трансшекаралық қылмыспен күрес барысында анықталған кемшіліктерді жою үшін Шенген ақпараттық жүйесінің (SIS) тиімділігін арттыруды ұсынады, деп хабарлады Брюсселдегі «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл ұсыныс терроризммен және трансшекаралық қылмыспен күресте Шенген ақпараттық жүйесінің мүмкіндігін одан әрі нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ шекаралардың қорғалуын, заңсыз көші-қонмен күрестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Бұл ұсыныстармен біз терроризммен және трансшекаралық қылмыспен, заңсыз көші-қонмен күресте ақпарат кемшіліктерін жойып, деректер алмасуды жақсарту үшін Шенген ақпараттық жүйесінің көлемін кеңейтеміз», — деді көші-қон, ішкі істер және азаматтық мәселелері жөніндегі еурокомиссары Димитрис Аврамопулос.

Ол «терроризмге, заңсыз көші-қонға, қатысты маңызды ақпараттардың алдағы уақытта жоғалып кетпеуі тиіс екенін жеткізді. Ұсынылған өзгерістер ақпараттық жүйеге ЕО-ға мүше елдердің құқық қорғау органдары тарапынан трансшекаралық сұрауларды жеңілдетуге, күдіктілерге қосымша мәліметтер енгізуді қамтиды.

Бұдан басқа, ЕО «Европол» құқық қорғау агенттігі дерекқорға «кедергісіз кіру құқығын» алады. Жүйені жаңғыртудың басқа бөлігі Шенген аймағына шығатын адамдардың саусақ таңбалары мен бет әлпеттерін кеңінен пайдалануды қамтиды.

«Шенген ақпараттық жүйесі Еуропа ішкі қауіпсіздігінің орталық элементі болып табылады. Бүгінгі шаралар бізге зиян келтіргісі келгендерді табуды жеңілдету үшін маңызды техникалық жақсартуды қамтамасыз етеді», — деді Қауіпсіздік Одағының еурокомиссары Джулиан Кинг.

Атап өтсек, Шенген ақпараттық жүйесі Еуропадағы кеңінен пайдаланылатын деректер базасы болып табылады. Ол мемлекеттік шекараны қорғау органдары, Шенген келісімне қатысушы кеден қызметкерлері мен полицейлері арасында ақпарат алмасуды жеңілдетеді. 2015 жылы бұл дерекқор базасында 2,9 млрд жуық сауал өңделді. Жүйе Шенген елдері аумағына шығуға құқығы жоқ адамдар, хабарсыз кеткендер мен іздеудегі қылмыскерлер туралы ақпаратты, сондай-ақ ұрланған немесе жоғалған заттар (жеңіл көлік, қару, құжат және т.б.) туралы егжей-тегжейлі ақпаратты қамтиды.

Дереккөз«Казинформ» ХАА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *