Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Прокурордың 100 кеңесі

Астана. 22 желтоқсан. Ғаламторда «Прокурордың 100 кеңесі» атты кіпат жарыққа шықты,- деп «ТҚК» РҚБ хабарлайды.

Өткенде осы жылы Жақып Асанов Қазақстан азаматтары үшін  «Прокурордың 100 кеңесі» атты жинағы жарыққа шыққанын айтқан. Бұл жинақ азаматтарға өзекті сұрақтарға жауап алуға көмектеседі,- деп бас прокурор атап кетті.

«Биылғы жылы Бес институционалдық реформаны іске асыру басталды, оның бағыттарының  —  бірі құқықтық мемлекет құру.Бұл салада прокуратура органдарының рөлі ерекше, себебі барлық басқа құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіре отырып, оларға құқықтық салада үлкен өкілеттіктер берілген. Соңғы жылдар ішінде қадағалау органы ел азаматтарының құқықтарын қорғау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай жұмыс атқарды. Басты міндет – мемлекеттік және қоғамдық институттардың құқық қорғау әлеуетін арттыру, заңдарды тиімді қолдану және азаматтармен, шағын және орта бизнес өкілдерімен жүргізілетін күнделікті жұмыста оларды сақтау….Азаматтарға олардың құқықтарын, сондай-ақ елімізде қабылданатын заңдардың ережелерін қарапайым тілмен түсіндірген маңызды…»

Тәжірибелік кеңестер жинағының мазмұны келесі:

  1. Отбасыңыз үшін 10 кеңес»;
  2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау жайлы 10 кеңес;
  3. Сіздің бизнесіңіз үшін 10 кеңес;
  4. Еңбек қатынастары бойынша 10 кеңес;
  5. Құқық қорғау органдарымен қатынастағы 20 кеңес;
  6. Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөнінде 10 кеңес;
  7. Өзіңді алаяқтардан қалай қауіпсіздендіру керек 10 кеңес;
  8. Сот органдарымен қатынастардағы 10 кеңес;
  9. Өтініш беру кезінде қажет 10 кеңес.

Топтама ҚР прокуратурасының ресми сайтында орналастырылған.

*кітапты жүктеп алу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *