Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркияда такси жүргізушілері терроризмге қарсы бейбіт шеруге шықты

Анталия. 28 желтоқсан. Антальяның такси жүргізушілері ел ішінде жиілеген террорлық оқиғаларға қарсылық білдіру үшін бейбіт шеруге шықты. Бұл туралы Хабар 24 тереанасы хабарлады.
Шерушілер 3 мыңға жуық көлікпен орталық көшелерді жүріп өтіп, әлемдегі қарулы қақтығыстар мен лаңкестік әрекеттер тоқтатып, бейбітшілік пен тұрақтылық орнасын деп ұрандатты.
Биыл түрік елінде жыл басынан бері 28 ірі террорлық акт тіркелді.Тек тамыз айында ғана 8 лаңкестік оқиға болыпты. Оның салдарынан 94 адам қаза тауып, 505 азамат жараланды.
Мехмет Әли Акан, Анталья такси жүргізушілері мен автокөлік палатасының төрағасы:
— Жүргізушілер адамзатты дүрліктірген терроризмге өз қарсылықтарын білдірді. Біз бейкүнә адамдардың жер жастанып, отбасылары мен туған туыстарының қайғы жамылғанын қаламаймыз. Отанымызға опасыздық жасағандар мен адам өмірін қиған жендеттердің бұл аяусыз әрекеттерін қатаң айыптаймыз.

Дереккөз; Хабар 24

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *