Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресейдің Сириядағы елшілігіне шабуыл жасалды — БАҚ

Дамаск. 29 желтоқсан. Ресейдік Дамаск қаласындағы елшілігіне шабуыл жасалды, — деп хабарлайды РИА Новости РФ СІМ ақпарат және баспасөз департаментіне сілтеме жасап.

28 желтоқсанда күндізгі 16:00 және 16:19 уақыт аралығында Ресейдің Сириядағы елшілігінің территориясына екі жарылғыш зат түскен. Жарылмаған минаны залалсыздандыруға саперлер келген. «Абырой болғанда жарылмай қалған бір мина ресейлік дипмиссияның әкімшілік ғимаратының ауласына түскен. Екіншісі оның маңына түскен», — делінген РФ СІМ хабарламасында.

«Ресейдің Дамаск қаласындағы дипмиссиясына жасалған шабуылға баға беріліп, терроризм қатеріне қарсы тұратындардың тарапынан қатаң айыпталуы керек», — деп есептейді СІМ-дегілер.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *