Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Талибан» мен ТГИЛ бір-біріне «қасиетті соғыс» жариялады

Лашкаргах. 11 қаңтар. Ауғанстандағы «Талибан» радикалды қозғалысы мен «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» бірі-біріне қасиетті соғыс джихад жариялады.

Бұл туралы Гельменд полициясының басшысының ақпаратына сілтеме жасап, «Машаль» радиосы хабарлады. Оның айтуынша, бұл деректі растайтын құжаттар бар. Ал бұған дейін «Талибан» қарулы топтары мен лаңкестік ұйымның содырлары Нангархар мен Забуль провинциясында қарулы қақтығысқа түскен. Айта кеткен жөн, соңғы кезде Ауғанстандағы ауылды жерлерде ықпалы күшті тәліптер ірі қалаларға шабуылды үдете түсті. Ал негізінен Ирак және Сирия жерінде әрекет ететін «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» өз ықпалын арттыруға барын салып жатыр.

Дереккөз: Хабар 24

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *