Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирия мен Ирак соғыстарына жергілікті тұрғындарды арбаған атыраулықтар сотталды

Атырау. 24 қаңтар. Атырауда жергілікті тұрғындарды халықаралық ұйымдарға тартпақ болған қаланың екі тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сот талқылауы барысында анықталғандай, қала тұрғыны Әбдірашид Ыдырысов сүнниттік бағыттағы исламды насихаттай отырып, 2007 жылы өз идеологиясына замандасы Руслан Темірболатұлын тартқан. Екеуі өз таныстары арасынан жергілікті тұрғындарды Сирия мен Ирактағы соғыстарға аттандыруға және халықаралық лаңкестік ұйымдардың қатарына қосуға арбамақ болған.

Таныстарының біріне Солтүстік Кавказдағы әскери дайындық курстарынан өтіп, одан әрі Сирияға аттанса қаржылық проблемалары шешілетінін айтқан. Бірақ, ол өзін қайда тартып жатқанын түсініп, ұсыныстары туралы құзырлы органдарға хабарлаған. Бұдан әрі алдап-арбаушылардың бүкіл қызметі бақылауда болды. Олардың айтқан сөздері, тәркіленген аудиофайлдар мен діни әдебиеттер сот психолого-филологиялық және діни сараптама барысында зерделенді.

Сарапшылар зерттеуге ұсынылған материалдарды зерттей келе, онда лаңкестікті насихаттау, діни алауыздықты тудыру, зорлық-зомбылық әрекеттеріне итермелеу, сондай-ақ экстремистік қызметті ұйымдастыру мақсатында адамдарды алдап-арбау белгілері бар деген тұжырымға келді.

Айыпталушылардың екеуі де кінәларын толығымен мойындап, істеріне өкінді.

Ыдырысов Қылмыстық кодексінің «Терроризмді насихаттау және террористік актілерді жасауға бұқаралық үндеу» және «Алдап-арбау немесе террористік әлде экстремистік қызметті ұйымдастыру мақсатында адамдарды дайындау немесе қаруландыру» баптары бойынша айыпты деп танылды. Темірболатов ҚК-нің аталмыш баптары, сондай-ақ «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, сословиелік және діни алауыздықты тудыру» бабы бойынша кінәлі деп ұйғарылды. Оларға дүние-мүлкін тәркілеу, жалпы режімдегі түзеу колониясында 6 жылға бас бостандығынан айыру үкім етілді.

Дерккөз: ҚазАқпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *