Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ИГИЛ лаңкестері жарылғыш заттарды дрон көмегімен тастап жүр

Мосул. 28 ақпан. Ирактың әскерлері Мосулға шабуыл кезінде жаңа қауіп-қатермен соқтығысты — ИГИЛ (Қазақстан аумағында тыйым салынған террористік ұйым) лаңкестері гранаталарды квадракоптер көмегімен тастауды бастады. Бұл туралы The Wall Street Journal журналына сілтеме жасап Хабар 24 телеарнасы хабарлайды.

Сонымен қоса, ұшқыш аппараты 300 метр биіктіктен әскери оқты дәлме дәл жауа алады. Айта кетсек, Мосулдың батыс аумағында, шығыспен салыстырғанда, әлі де радикалды лаңкестердің қол астында болып табылады. Қазір азат ету ауқымды операциясы жүргізілуде. Апта ішінде әскерлер террорист лаңкестердің қол астынан әскери базаны, әуежайды және бір қатар тұрғын аумағын азат ете алды. Сол мезетте гуманитарлық жағдай Мосулдың бұл бөлігінде қйындай түсуде. Әскери әрекеттен мегаполисті мыңдаған бейбіт тұрғын тастап кетті.

Айта кетсек, Мосул — ИГИЛ лаңкетік ұйымының Ирактегі соңғы ірі бекініс пунктісі болып табылады.

Салман Хашим Хуссейн, Ирактегі терроризмге қарсы қызметінің генералы:

— Терроризмге қарсы күш бөлімшесі әскерилерге және бейбіт тұрғындарға қауіпсіз дәліз жасады. Қазіргі таңда біз Мосулдың батыс бөлігінен 1100-ден астам адамды қауіпсіз жерге көшірдік, және бұл сан күннен күнге өсуде. Барлық адамдарды біз арнайы бөлімшеге жүк көлігімен көшірудеміз. Бұл жерде біз қашқындарды арнайы база бойынша тексереміз, мүмкін араларында террорист бар шығар.

Дереккөз:Хабар 24

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *