Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғаныстаннан іздеудегі Қазақстан азаматының экстрадициясы жүзеге асырылды

Астана. 15 наурыз. Ауғаныстаннан террорлық қылмыс жасаған айыпталушы Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жәрдемімен «Зналиев» азамат Қазақстанға экстрадицияланды.

Ол террорлық топты құру, басқару, оның қызметін қаржыландыру және Атырау облысы аумағында террорлық қылмыстар жасағаны үшін айыпталуда. 2011 жылдан бастап іздеуде болды.

Дамир Зналиев — «Джунд аль-Халифат» (Халифат сарбаздары, Қазақстан аумағында тыйым салынған) тобының үш көшбасшысының бірі. Ол Ринат Қабидолла, Орынбасар Мұнатовпен бірге 2011 жылдың тамыз-қыркүйегінде Бельгия азаматы Муаз Гарсаллаумен бірлесіп ауған-пәкістан аумағында аталмыш топты құрып, кейін осы жылдың қазан айында Атырауда теракті жасады.

Осыдан бұрын, Ауғаныстан Ислам Республикасының құзырлы органдары бұл азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ұстап беру туралы Қазақстан Бас прокуратурасының сұранысын қанағаттандырды.

Жыл басынан өзара келісім қағидаты негізінде Ауғаныстаннан Қазақстанға екі тұлға экстрадицияланғанын атап өтеміз.

Дереккөз: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *