Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«ИМ» лаңкестік тобы Лондондағы қастандықты өз мойнына алды

Лондон. 24 наурыз. «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы Лондондағы лаңкестікті өз мойнына алды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сенімді дереккөздің» хабарлауынша, шабуыл жасаушы ДАИШ сарбазы болған және террористердің коалиция (Таяу Шығыстағы лаңкестікпен күрес жүргізіп жатқан елдер) азаматтарына қастандық жасау туралы тапсырмасын орындаған.

Еске сала кетейік, сәрсенбі күні автокөлік Вестминстер көпірінде адамдарды таптап өткен. Кейін парламент ғимараты жанына барып тоқтаған лаңкестің көзі жойылды. Шабуыл жасаушы бір полицейге пышақ салып үлгерген, кейін сақшы ауруханада көз жұмды. Теракт кезінде 4 адам қаза тапты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *