Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бангладеште жанкешті шабуыл жасап, 6 адамды өлтірді

Дакка. 26 наурыз. Бангладештің Силхет округінде лаңкестік әрекеттен 6 адам қаза тапты. Тағы 40-қа жуығы жараланған. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлайды.

Мұнда жанкешті жарылғышты елдің Үндістанмен шекарасына жақын тұрған әскери тексеру бекетінде іске қосқан. Шабуылды «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» мойындады. Қазір оқиға орны қоршалып, тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, бұл осы елде соңғы екі аптада жасалған үшінші лаңкестік әрекет. Жұма күні тағы бір жанкешті Дакка қаласындағы халықаралық әуежайға кірмек болып, өзін полиция бекетінің маңында жарып жіберген еді. Бірақ ол жолы лаңкестің өзі ғана мерт болған.

Дереккөз: Хабар 24 телеарнасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *