Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстан түрмелерінде деструктивті мазмұндағы әдебиеттер табылды

Астана. 7 сәуір. Еліміздің бас бостандығынан айыру орындарының барлық кітапхана қорындағы материалдарға сараптама жүргізілді. Бұл жайында бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Діни материалдардың таралуына ведомствоаралық мониторинг жолға қойылды. Интернетте анықталады және содан кейін барып құқыққа қайшы мазмұны бар материалдар бойынша сәйкесінше шаралар қабылданады. Бұл жұмыстар Бас прокуратурамен, Ақпарат және коммуникациялар қызметімен бірге жүргізілуде», — деді ол министрліктің жұмыс нәтижесіне арналған қоғакмдық кеңес отырысы барысында.

Оның айтуынша, өткен жылы министрлік 11 мыңға жуық сайттың материалдарын зерделеген.

«Оның ішінде шамамен 1,5 мыңы заңсыз арандатушылық контентте болды және сот тәртібімен жабылды. Жыл бойында 3 мыңнан астам кітап және баспа өнімдері нысаны сараптамадан өткізілді. Оның ішінде 98 материал құқыққа қайшы контентті қамтиды деп танылды. Қылмыстық-атқару жүйесінің, яғни бас бостандығынан айыру орындарының барлық кітапхана қорындағы материалдарға да сараптама жүргізілді. Нәтижесінде деструктивті мазмұндағы 13 кітап анықталды», — деді Ермекбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *