Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Ислам мемлекеті» ұйымының қатарына енетін қазақстандықтар азаматтығынан айырылады — Назарбаев

Астана. 11 сәуір. Қазақстанда тыйым салынған «Ислам мемлекеті» ұйымына кіретін қазақстандықтар азаматтығынан айырылады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев «МИР 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

«Қазақстандағы заңнамаға сәйкес, біздің еліміздің құзырындағы азамат кетіп, қандай да бір экстремистік ұйымға кіретін болған жағдайда ол отанына қайтып келе алмайды: автоматты түрде азаматтығынан айырылады. Бұл мәжбүрлі шара. «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымында Қазақстан атынан шамамен 500-600 адам бар, ал бұрыңғы Кеңес одағы елдерінен 5 мыңға жуық адам жүр.  Бірінші кезекте адамдардың террористердің ұйымына кірмеуі үшін осындай шараларды қолдану керек. Біз ИМ ұйымынан қайтып келген адамдармен алдын ала жұмыс істеуге тырыстық, бірақ бұл еш нәтижесін бермеді. Сондықтан оларға үйлеріне қайтатын жолды жабу туралы шешім қабылданды», — деді Мемлекет басшысы.

Дереккөз: «МИР 24» телеарнасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *