Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырауда терроризм мен экстремизм мәселелерін талқылады

Атырау. 19 сәуір. Елдегі және көрші мемлекеттердегі лаңкестік жағдайларға байланысты Атырау облысында бүгін терроризм мен экстремизмнің алдын алуға бағытталған ауқымды жұмыстар басталды, — деп хабарлайды ATPress.kz тілшісі.

Бес бағытқа бөлінген жұмыс жоспары бойынша таңертең Жылыой аудандық «Кең Жылыой» мәдениет үйінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің қатысуымен актив жиналысы өтіп, Жылыой ауданындағы үш күндік жұмыс жоспары бекітілді.

Жылыой ауданының әкімі Мақсым Ізбасовтың айтуынша, аталмыш іс-шараның ауданда өтуінің маңыздылығы жоғары. Бүгінде Жылыой ауданы бойынша жұмысшы топтар зерделейтін нысандар анықталған. Атырау облысының прокуроры Ғалымжан Тоғызбаев өткен жылы тероризмнің алдын алуға бағытталған 7 бағыттан тұратын іс-шара елімізде, Ақтөбе облысында ұйымдастырылып, өз нәтижесін бергендігін атады.

— Жұмысшы топ үш күн бойы Жылыой ауданындағы жоспарланған мекемелерге, ауылдық елді-мекендерге барып, қызметкерлермен, халықпен кездесу өткізеді. Халықтың қандай түйткілді мәселелері бар, соны анықтаймыз. Соның ішінде ауылдық елді-мекендерде тұратын зейнеткерлер, мүгедектердің сауалдары мен мәселелері болса шешеміз. Топтың құрамында ардагерлер, құқық қорғау органының қызметкерлері, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері секілді әртүрлі саланың мамандары мен тұрғындардың өздері сайлаған депутаттар бар, — деді прокурор.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің мәлімдегеніндей, арнайы топ тұрғындарға денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, терроризмнің алдын алу бағыттары бойынша түсінік берді. Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясаты, «Нәтижелі жұмыспен қамту» секілді бағдарламалары жөнінде де тұрғындар толық мәлімет ала алады.

Əдетте, бүлік түсінбестіктен басталатыны белгілі. Егер қандай да болмасын ұжымда жұмысшылар арасында түйткілді мәселелр болса, түрлі сала мамандарынан құрылған жұмысшы топ өкілдерін мекемелеріне шақыруына болады. Жоспардан тыс та халықпен кездесіп, түсінік жұмысын жүргізуге, кеңес беруге жұмысшы топ дайын, деді Ғ.Тоғызбаев.

Дереккөз: ATPress.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *