Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстанда имамдар экстремизмге қарсы дайындыққа қатысып жүр

Астана. 21 сәуір. Ол үшін арнайы институт ашылды. Осы уақытқа дейін ондаған имам мен теолог мамандар қайта даярлау курстарынан өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесе отырып, экстремизмнің алдын алуға арналған имамдарды қайта даярлау институты құрылды.

«2016 жылдың қазан айынан бастап ол біздің әдістемелік қолдауымыздың негізінде Нұр-Мүбәрак университетінде жұмыс жасауда. Осы уақытқа дейін институтта 40 имам мен теолог мамандар қайта даярлаудан өтті. Жалпы, ондай шаралар діни саладағы жағдайды сауықтыруға айтарлықтай ықпал етуде», — деді Ермекбаев министрліктің бүгінгі алқа мәжілісінде.

Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде республика бойынша 306 арнайы теологиялық және ақпараттық топтар жұмыс істеуде. Олардың ішінде 3,5 мыңнан астам дінтанушылар мен діни ұйымдардың өкілдері бар.

Айта кетейік, мәжіліс кезінде министр мемлекет пен дін арасындағы байланыстың жаңа моделін қалыптастыру шараларының қолға алынғанын жеткізді. Аталған модель дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына негізделеді. Бұдан бөлек, діни қызмет және діни бірлестіктерге арналған заңнамаға өзгерістер енгізіп, балаларды заңсыз діни қызметке тарқаны үшін жазаны күшейту көзделген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *