Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Рим Папасының келуіне орай Каирда қауіпсіздік шарасы күшейтілуде

Каир. 28 сәуір. Египет құқыққорғау органы Каир қаласына таяу уақытқа жоспарланған Рим папасы Францисктің екікүндік сапарына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуде, деп хабарлайды REGNUM  Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Каир полициясы тұрғын үй аудандары мен қаланың батыс бөлігінде тексерістер жүргізіп, Мысыр астанасының негізгі тас жолдарындағы көлік тұрақтарын жапты.

REGNUM хабарлауынша,  Рим папасы Францисктің  сапары 28 мен 29 сәуірге жоспарланған. Сапар шенберінде понтифик Мысыр басшылығымен кездесулер өткізеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін қасиетті Престол өкілі понтификтің 9 сәуірде Египеттің Танта мен Александрия қалаларындағы шіркеулерде болған терактіге қарамастан, ресми сапардан бас тартпайтынын хабарлады.

Дереккөз: ИА REGNUM

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *