Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Арнайы топтың Ақтөбеде жұмысының нәтижесінде 163 террористік веб-сайт парақшасы жабылды

Ақтөбе. 1 мамыр. Ақтөбе облысында 2017 жылғы 3-26 сәуірде Алға, Байғанин, Темір, Мұғалжар, Шалқар аудандары мен Ақтөбе қаласында жүзеге асырылған «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасының қорытындысы шықты, деп хабарлайды  BNews.kz.

«Құрамында дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, бизнес-тренерлер, имамдар мен теологтар бар 130-дан аса сарапшыдан құралған 7 жұмыс тобы10 мың шақырымды жүріп өтіп, 57 ауыл мен 5 қаланы аралады. 100 мың адамды қамтыған 1400-ден аса іс-шара өткізіліп, 1,5 мыңдай ақтөбелік нақты көмек алды», — деп мәлімдеді Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Нұрдәулет Сүйіндіков «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жоба аясында бизнес ортаны дамытуға, облыстағы ауыл мен қала тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық және экономикалық мәселелерін шешуге басты назар аударылды.

45 ауыл әкімі тұрғындарды кәсіпкерлікпен айналысуға ынталандыру дағдысына оқытылды. Қалалар мен аудандардың тұрғындарына іскерлік жүрргізу мен кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламасының қыр-сыры түсіндірілді. Нақты бизнес-идеялар қаржыландырылды. Атап айтқанда, даму институттары 414 млн. теңге бөлді. Тағы 235 млн. теңгенің жобасы мақұлданды. 44 адам жұмысқа орналастырылды. «Жақыныңа көмектес» қайырымдылық акциясы аясында 44 аз қамтылған отбасыға көмек көрсетілді.

Облыстың үздік дәрігерлері ауылдарға барып, халықты медициналық тексеруден өткізді. 500-ден аса дам қажетті ем-домдарын алып, 41 ауыл тұрғыны облыс орталығындағы емханаларға жатқызылды. Жылжымалы стомотологиялық кешен қызметін 457 азамат пайдаланды. Бұдан өзге, облыстың жетекші дәрігерлері аудандардағы ауруханаларда 25 хирургиялық операциялар жасады.

Ауқымды түсіндіру жұмыстары кезінде теологтар, имамдар мен сарапшылар тобы ауыл тұрғындарымен жекелей және топтық кездесу өткізді. Деструктивті діни ағымды ұстанушылармен жұмыс жүргізу үшін өзге өңірлерден танымал 5 теолог шақырылды. 40 деструктивті діни ағымды ұстанушы райыннан қайтты. Олармен жұмыс жасау жалғасатын болады. Айта кетейік, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында экстремистік сипаттағы 290 бейнематериал табылып, көзі жойылды.

Нұрдәулет Сүйіндіков, сонымен қатар, аудандарға шығу кезінде жұмыстардың жаңа әдістері қолданылғанын айтты. Яғни, ауыл тұғындарына «ЭКСПО-2017» көрмесінің билеттері табысталды. Енгізіліп жатқан міндетті медициналық сақтандыру жүйесі мен ауыл шаруашылық кооперативтерінің артықшылықтары түсіндірілді. Нәтижесінде, 140 мүшесі бар 3 кооператив құрылып, ал әрекет етушілерінің қатысушылар саны көбейді. Бұл олардың әр түрлі ауыл шаруашылығын қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуларына мүмкіндік береді.

Дереккөз: BNews.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *