Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қоғамдық қабылдау

Қарағанды. 11 мамыр. Облыстық дін істері басқармасы «Діндерді зерттеу орталықтары қауымдастығымен» бірлесіп қоғамдық қабылдау өткізді. Мұнда дін туралы ұғымдарды кеңейтіп, кеңес алғысы келген барлық қала тұрғындарына келуге мүмкіндік жасалды

Қарағанды қаласының тұрғыны Төлемісова ЛӘЙЛӘ бірнеше жылдан бері ұстаздық етіп келеді. Дегенмен, оранып, қымтанып  жүретін жандардың ісіне алаңдаушылық білдіреді. Қоғамдық қабылдауға келуінің себебі де көптен бері өзін мазалап келген осы бір мәселеге жауап алу болды -дейді. Діндерді зерттеу орталықтары қауымдастығының директоры  Юлия Денисенко деструктивті ағымдардың тұзағына түспеуге қатысты сараптамалық кеңесін берді. Дін туралы «114 сенім телефоны» да осы бағытта  көмек көрсетеді. Қабылдауға келген жандар ашық пікір алмасты.

Юлия ДЕНИСЕНКО   «Діндерді зерттеу орталықтары» қауымдастығының директоры 

Жоба бойынша Қарағандыда бір күн жұмыс істейміз. Облыстағы бейімдеу орталықтарына кез келген адам жүгіне алады. Білікті мамандармен толыққан. Шыны керек, әдістемелік мәселелер көп айтылды. Дін саласындағы әр бағытты дұрыс ажырата білу қажет.

Бұл күні қабылдауға келген тұрғындар көп болды. Барлығында айналасындағы жандардың өзге діннің арбауына түсіп қалмаса екен деген алаңдаушылық бар. Мұнда келушілер алған мәліметтердің дін саласын жетік білмей, опық жейтіндерге өзіндік пайдасы боларына сенімді.

Дереккөз: Қазақстан телеарнасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *