Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Манчестердегі жарылыс: Концертте 6 қазақстандық студент болған

Астана. 23 мамыр. Алдын ала ақпарат бойынша Ұлыбританияда Манчестер стадионында болған жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Қазақстанның Лондондағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен үнемі байланыста. Елшіліктің консулдық бөлімінің қауырт желісі жұмыс істеп тұр: +44(0)7447470570 (WhatsApp).

Белгілі болғандай, стадионда өткен концертте алты қазақстандық студент болған.

«Манчестерде жүрген туған-туысқандарыңызбен, достарыңызбен байланысқа шығыңыздар. Хал-жағдайын біліңіздер. Біздің дипломаттар екі студентпен хабарласты. Жағдайлары жақсы, медициналық көмек қажет емес екенін айтты. Қазір қалған достарымен бірге үйлеріне аман-сау жетті. Жарылыста қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз», — дейді Жайнақов.

Естеріңізге салып өтсек, кеше Манчестердегі «Манчестер Арена» стадионында жарылыс болды. Оқыс оқиға кезінде алаңда әнші Ариана Гранденің концерті аяқталуға тақап қалған. Концертке бірнеше мың адам келіпті.

Полицияның мәліметінше, жарылыс салдарынан кем дегенде 19 адам көз жұмды, тағы 50-і жараланды. Құқық қорғау органдары жарылысты теракт деп қарастырып отыр.

Дереккөз: Baq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *