Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Манчестердегі террористік әрекет: 22 адам қаза тапты, 59 ауруханаға жатқызылды

Лондон. 23 мамыр. Жойқын жарылыс «Манчестер-арена» стадионында орын алды. Террористік әрекет нәтижесінде 22 адам қаза тауып, 59 ауруханаға жатқызылды, және екі жасөспірім хабарсыз кеткенші болып санылуда.

Жарылыс билеттер сатылатын дәлізде болған. Қазіргі уақытта оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс жүргізуде.

Айта кетейік, америкалық әнші Ариана Гранденің концерті өткен «Манчестер-Арена» стадионында екі дүркін жарылыс болды.

Стадионға 21 мың адам сияды, және Манчестер қаласының орталығынан солтүстікке қарай орналысқан. Ғимарат, 1995 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Қазіргі танда Евроодақта ең ірі жабық стадион болып саналады.

Бұл террористік әрекет Ұлыбритания жерінде 2005 жылы Лондон метросында болған қасіретінен кейін ең ірі болды.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, алдын ала ақпарат бойынша Ұлыбританияда Манчестер стадионында болған жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Дереккөз: РИА Новости

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *