Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мемлекет басшысы Тереза Мэйге Манчестер қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айтты

Астана. 23 мая. Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-Министрі Тереза Мэйге Манчестер қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Баспасөз қызметі.

Жеделхатта «Манчестер Арена» стадионындағы жарылыстар салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Бүгінде терроризмнің етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін қатаң айыптайды.

«Бүкіл Ұлыбритания халқына, қайғылы оқиға құрбандарының отбасылары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.

Айтка кетсек, жойқын жарылыс «Манчестер-арена» стадионында орын алды. Террористік әрекет нәтижесінде 22 адам қаза тауып, 59 ауруханаға жатқызылды, және екі жасөспірім хабарсыз кеткенші болып санылуда.

Дереккөз: Ақорда Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *