Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ұлыбританияда террористік қауіптің жоғарғы деңгейі белгіленді

Лондон. 24 мамыр. Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэй мемлекетте террористік қауіптің деңгейін қазірге орташа деңгейден ең жоғарғысына көтерді. Бұл террористік әрекетінің қауіпін білдіреді, деп хабарлайды BBC Ресей қызметі.

Террористік қауіптің деңгейі Терроризмді талдау бірлестігімен белгіленеді, онда полиция, тінту қызметінің және басқа қарулы күштер құрылымдары қызметкерлерінің арасындағы сарапшылар кіреді.

«Олардың бағалауы бойынша, шабуыл ықтималдылығы жоғарғы болып қана қоймай, бірақ келесі шабуыл болуы әбден мүмкін», — деп хабарлады британдық премьер.

Айта кетсек, енді қала көшелерінде полициямен қатар әскерилер де кезекшілік ететін болады. Сондай-ақ Ұлыбританияның бүкіл аумағындағы инфрақұрылымның негізгі нысандары және туристер көп жүретін көрікті жерлер күзетке алынады.

Еске сала кетсек, жойқын жарылыс «Манчестер-арена» стадионында орын алды. Террористік әрекет нәтижесінде 22 адам қаза тауып, 59 ауруханаға жатқызылды. Бұл террористік әрекет Ұлыбритания жерінде 2005 жылы Лондон метросында болған қасіретінен кейін ең ірі болды.

Дереккөз: BBC Ресей қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *