Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сауд Арабиясының шығысында автомобиль жарылды

Абу-Даби. 2 маусым. Сауд Арабиясының шығысында орналасқан Эль-Катиф қаласында автомобиль жарылды. Тілшіміздің «Аль Арабия» телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, жарылыстың салдарынан бейсенбі күні таң ата екі адам мерт болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, құрбан болғандардың екеуі де осыған дейін Эль-Катиф қаласында Сауд Арабиясының қауіпсіздік қызметінің өкілдеріне жасалған шабуылға қатысы болуы мүмкін.

Сауд Арабиясы Корольдігінің шығыс провинциясында шейіттер тұрады және олардың саны аса көп емес. Дүйсенбі күні бір топ содырлар Эль-Катиф округіне қарайтын ауылдардың бірінде Корольдіктің қауіпсіздік қызметінің көлігіне шабуылдады. Шабуылдың салдарынан жедел әрекет ету қызметінің бір өкілі дене жарақатын алды. Жергілікті билік өкілдері болған оқиға бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Дереккөз: Қазақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *