Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Лондон полициясы теракт жасаған күдіктілердің есімдерін атады

Лондон. 6 маусым. Британиялық полиция Лондонда 3 маусымдағы шабуылды жасаған екі күдіктінің есімдерін атады.

27 жастағы Курам Батт, екі баланың әкесі, отбасымен бірге бірнеше жыл бойы Лондонның шығысындағы Баркин ауданында тұрған. Ол Пәкістаннан көшіп келген, Ұлыбритания азаматтығын алған. Лондон полициясының мәліметі бойынша, Батт құқыққорғау органдары мен MI5 агенттігіне бұрын таныс болған. Екінші күдіктінің есімі — Ричард Редуэйн, 30 жаста. Ол Рашид Эльхдар есімімен де белгілі болған. Рэдуэйннің қос азаматтығы болған — ливиялық және марокколық.

Лондон полициясының өкілі шабуылға қатысқан үшінші кісінің кім екені анықталып жатқанын мәлімдеді.

Бұл үшеуін де полиция Лондон көпірі мен Бороу Маркет базарындағы шабуылдан бірнеше минуттан соң атып өлтірді.

Теракт салдарынан жеті адам қаза тапты, ондаған адам жараланды, олардың көбі әлі ауруханада жатыр.

Ақпарат көзі: Түркістан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *