Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мирзияев экстремистерге қосылғандарды азаматтықтан айыруды ұсынды

Ташкент. 6 маусым. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев діни топтар мен ағымдарға қосылғандарды азаматтықтан айыру туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы ол 3 маусымда Әндіжан аудандық әкімшілігінде өткен жиналыста айтты.

«Мысалы, бес махаллада 20-30 адам жолдан тайқыса, солардың ішіндегі жиырмасының бесеуі райынан қайтпайды деп есептей беруге болады. Олармен айналысудың қажеті жоқ, оларды Өзбекстан азаматтығынан айыру керек. Қажеті жоқ. Мен оларды азаматтықтан айыруға дайынмын», — деді президент.

Мирзияев өз сөзінде имамдар мен билік өкілдеріне «Өзбекстан азаматтығынан айыру жөнінде ұсыныстар» әзірлеуін тапсырды.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, қоғам түрлі діни қозғалыстарға «адасып» кірген мүшелерін қайтаруы керек, бірақ ондай топтардың «ең сенімді» жетекшілерін райынан қайтаруға талпынудың қажеті жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *