Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Батыс Қазақстанда ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған семинар-тренинг өтуде

Орал. 9 маусым. Облыстық, қалалық және аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелер арналған «Деструктивті діни ұйымдардың мүшелерімен (адептілерімен) жұмыс істеудің психологиялық аспектілері» тақырыбында семинар-тренинг өтуде.

Семинар-тренинг мақсаты –  ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің деструктивті діни ұйымдардың адептілерімен психологиялық тұрғыда жұмыс істеудің аспектілеріне жеке тоқталу, адамның іс-әрекетіне әсер етуде қолданылатын қазіргі заманғы психотехникалық әдістермен таныстыру және т.б.

Семинар-тренингті «Менталдық денсаулық және Аддиктология» ғылыми-зерттеу практикалық талдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекші мамандары, психология ғылымдарының Халықаралық академиясының мүшелері, PhD докторлары, психология ғылымдарының докторлары К.Алина және Н.Фесенко жүргізуде.

Семинарға облыстық, қалалық және аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысуда.

Шара барысында «Дін психологиясы», «Деструктивті культтер», «Теріс ағымдардың көшбасшылары қолданатын психотехникалар. Неофиттер мен адепттердің сананы манипуляциялау», «Деструктивті діни ұйымдарға тартудың алдын алу», «Діни аддикция түсінігі», «Предаддиктивті тұлға. Тәуекел топтарды анықтау», «Діни аддикттің әлеуметтік-психологиялық портреті», «Әр түрлі мақсатты топтармен жұмыс істеудің әдістері мен нысаны, қағидасы», «Қазақстан Республикасының заңнама базасы», «Конфликтология:түрлері, қақтығыстарды шеші әдістері» және т.б. тақырыптар қозғалып, жеке презентациялар, топаралық жұмыстар жасалды.

Семинар 7-10 маусым аралығында өткізіледі.

Оқыту семинарының соңында сертификаттар табысталады.


«Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранттының шеңберінде «Дін саласында ақпараттық жұмыстар жүргізу» проектісін іске асырамыз»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *