Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ирак пен Сириядағы ИМ содырларының саны 20 мыңға жетті – БҰҰ

ООН. 9 маусым. БҰҰ қауіпсіздік кеңесі «Ислам мемлекеті» тарапынан әлем мен қауіпсіздікке төнген қауіп туралы бас хатшының баяндамасын жариялады, баяндамада сондай-ақ, Ирак пен Сириядағы содырлар саны да айтылған, деп хабарлады Lenta.ru.

«Дүниежүзілік ұйым ақпарынша, терроршылар құрамында 12 мыңнан 20 мыңға дейін содыр соғысып жүр, олардың саны соңғы 16 айда барынша азайған. Сондай-ақ шетелдік содырлардың келуі де азайған. Қауіпсіздік кеңесінде атап өткендей, халықаралық қауіпсіздікке төнген негізгі қауіп содырлардың өз елдеріне оралып, олардың қақтығыс болып жатқан аймақтардан басқа өңірлерге ауысуы болып отыр», — делінген хабарда.

БҰҰ атап өткендей, ИМ қаржыландыру дағдарыс шегінде тұр. Терроршылар бұрынғыша мұнайды заңсыз сату мен бопсалаудан табыс көріп отыр.   Сарапшылардың ойынша, өзін-өзі сайлаған халифат ай сайын бірнеше ондаған миллион доллар табыс табады. Бұл ретте 2015 жылы ИМ кірісі айына  $500 млн құраған.

Дереккөз: Lenta.ru

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *