Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ИМ Ауғанстанның Түркіменстанмен шекаралас ауданын басып алғаны хабарланды

Ашхабад. 22 маусым. Ауғанстанның солтүстігінде Дарзаб ауданының орталығы мен бірнеше мемлекеттік мекеме бірінші рет «Ислам мемлекеті» (ИМ, Қазақстан аумағында тыйым салынған) экстремистік ұйымы содырларының бақылауына өтті деп хабарлады Джаузджан провинциясы аймақтық кеңесінің депутатына сілтеме жасаған Азаттықтың Түркімен редакциясы. Аймақтан түскен ақпаратқа қарағанда, қазір үкімет әскері мен содырлар арасында ұрыс жүріп жатыр. Қақтығыстардан мыңға тарта отбасы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Джаузджан провинциясы полициясының басшысы Рахматулла Туркустани ауған армиясы мен содырлар арасында қақтығыс болып жатқаны туралы ақпаратты растады. Бірақ, оның айтуынша, содырлар әзірге бүкіл Дарзаб ауданын басып ала алмаған. «Аудан әлі берілген жоқ. Біз Дарзабқа қосымша күш жөнелтіп жатырмыз» деді ол.

Солтүстік Ауғанстан уәлаяттары кеңесінің өкілі Халым Садабтың сөзінше, жергілікті әскер ИМ-ге тойтарыс беруге тырысқанымен, күші жетпеген. «Егер орталық үкімет уақытында көмек көрсетпесе, Шибирган уәлаятының орталығына да шабуыл жасалады» деді Халым Садаб.

Жергілікті шенеуніктер Ауғанстанның Фарьяб, Джаузджан және Сари-Пуль уәлаяттарында «Өзбекстан ислам қозғалысы» тобының содырлары да барын айтады.

Дереккөз: Радио Азаттық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *