Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Еуропаның 3 елінде «Ислам мемлекетінің» жақтастары» ұсталды

Мадрид, 28 маусым. Еуропаның үш елінде ИМ (Қазақстан аумағында тыйым салынған) экстремистік тобының жақтастары деген күдікпен алты адам ұсталды. Олар Испания мен Германия және Ұлыбританияда қолға түскен.

Алты адамның төртеуі Испанияның туристік Пальма-де-Майорка қаласында тұтқындалды. Испан полициясы дерегінше, күдіктілер жасырын кездесулер өткізіп, жастарға радикал уағыздар айтқан, оларды соғысып жатқан елдерге баруға үгіттеп, Еуропа Одағы елдерінде болған терактілерді ақтаған. Ұсталғандар «үгіт-насихат материалдарын жасап, оны интернет арқылы таратты» деген айыпқа да ілінген.

Соңғы кездері Еуропаның бірнеше елінде болған әлденеше терактінің жауапкершілігін «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *