Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Лаңкестер «виртуалды халифат» құруы мүмкін

Брюссель. 4 шілде. ДАИШ лаңкестік тобы (Қазақстанда тыйым салынған) Сирия мен Иракта жеңіліс тапқаннан кейін Интернетте шабуылын жалғастырып, «виртуальдық халифат» құруы мүмкін. Мұндай пікірді ЕО-ның лаңкестікпен күрес жөніндегі үйлестірушісі Жиль де Кершов бельгиялық Le Soir басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жиль де Кершов «виртуальдық халифат» қаупі бар екенін атап өтті және «Интернетте насихаттауды азайту және оған қарсы насихатты жетілдіру»  қажеттігін ескертеді.  Оның айтуынша, «Европол» еуропалық  құқық қорғау агенттігінде тәулік бойы радикалдық континентті анықтайтын 20 маманнан тұратын команда жұмыс істейді.

 «Олар қазірдің өзінде 30 мың сайт туралы хабарлады», — деді Кершов. Ол сондай-ақ терроризммен күресте азаматтардың рөлі мен адамдарды «радикалдану белгілерін» анықтауға оқыту қажеттігін атап өтті. Лаңкестікке қарсы ведомство басшысы ЕО заңнамасы интернет-қызметті жеткізушілерден құпиялыққа байланысты өз клиенттері жайлы «метаақпаратты» жинап, сақтауды талап етпейтініне қатысты сын айтты. Бұл оның айтуынша, тергеуге зиян келтіруде.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *