Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ДАИШ жаңа лидерінің суретін жариялады

Астана. 17 шілде. Al Arabiya телеарнасы ДАИШ террористік ұйымының жаңа басшысы делінген ер адамның суретін жариялады, — деп хабарлайды «Звезда».

Таяу Шығыс БАҚ-тарының мәліметінше, Жалалудин әл-Туниси бұрынғы лидері Әбу Бакр әл-Бағдадидің өлімінен кейін ұйымға жаңа басшы болып келеді.

Жаңа басшы делінген ер адамның шын аты — Мухаммед Бен Сәлем әл-Ауни, ол Тунисте 1982 жылы дүниеге келген. Бала кезінде Францияға көшіп, сол жақтың азаматтығын алған, алайда Тунистегі көтерілістен кейін отанына оралып, сол жақтан Сирияға өткен. Осы жақта лаңкестердің қатарына еніп, әл-Бағдадидің басты көмекшісі болған.

Осыған дейін Ирак әскері ДАИШ содырларының Мосулдағы әл-Нури деген басты мешітті және оның маңында орналасқан әл-Хабда ғибадатханасын жарып жібергенін хабарлаған еді. Дәл осы жерде Әбу Бакр әл-Багдади 2014 жылы ДАИШ «халифатын» жариялаған еді. Мешіт пен ғибадатхана радикалдардың символына айналған болатын. «ИМ-ның (ДАИШ) ан-Нури мешітін және әл-Хабда ғибадатханасын жарып жіберуі — олардың жеңілісті ресми мойындауы», — деп келтіреді Ирак премьерінің сөзін баспасөз қызметі.

Әбу Бакр әл-Бағдади © Reuters

Дереккөзі: Tengrinews

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *