Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркия: «АҚШ ұшағын жармақ болған» ресейлік ұсталды

Анкара. 11 тамыз, Түркияда «ұшқышсыз басқарылатын аппарат арқылы америкалық әскери ұшаққа шабуыл жасауға дайындалды» деген күдікпен Ресей азаматы ұсталды. Бұл жайында түркиялық бірнеше БАҚ, оның ішінде Haberturk Hurriyet газеттері хабарлады.

БАҚ ақпаратына қарағанда, ұсталған адам — «Ислам мемлекеті» (ИМ, Қазақстанда тыйым салынған) экстремистік ұйымының өкілі. Ол Инджирликтегі америкалық әуе базасындағы ұшақтардың бірін жармақ болған. Түркиядағы Ресей елшілігі ұсталған күдіктіге қатысты жағдай әзірге тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

Инжирликтегі әуе базасы Түркияның оңтүстігінде орналасқан. Сирия мен Иракта исламшыл содырларға қарсы халықаралық коалицияның әуе операцияларына қатысып жатқан АҚШ армиясы оны Анкарамен келісім бойынша пайдаланады.

Ақпарат көзі: Радио Азаттық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *