Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Министр Нұрлан Ермекбаев бір айлық жалақысын қайырымдылық қорына аударды

Астана. 5 қазан. Бүгін Астанада өткен қазақстандық «Уақып» қоры корпоративтік қайырымдылық қорын таныстыру рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бір айлық жалақысын жарна ретінде қорға аударып, қайырымдылық жасады, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Уақып» қайырымдылық қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, министр Нұрлан Ермекбаев Қазақстанда игілікті, сауапты істер жасауға ниетті адамдар қатары көбейіп келе жатқанын атап өтті.

«Дін жолында сауапты іс жасау үшін мешіт салу міндетті емес. Қоғам үшін пайдалы кез келген игілікті істі жасауға болады. Оның ішінде мектептер, ауруxаналар, жол салу, көпір салу секілді қоғамға пайдалы кез келген іс сауапқа жатады. Қор жұмысы осы аталған мәселелерді шешуге бағытталған. Ол қайырымдылық жасау жолындағы істерді бір жүйеге салуға үлес қосады. Ең бастысы бәрі ашық, қоғам үшін пайдалы болуы тиіс», — деді ол.

Еске сала кетейік, «Уақып» қоры дәстүрлі және адамгершілік құндылықтарды қолдауға бағытталған діни радикализм мен фанатизмді болдырмауды, әлеуметтік жобаларды қаржыландыруды, білім беру және тәрбиелік қызметті қаржыландыруға, діни қызметкердің жұмысының тиімділігін арттыруға және діни институттардың қызметін қолдауға бағытталған қайырымдылық ұйымы болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *