Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі

Астана – 2017

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

 мешіттерінің ішкі тәртіп

ЕРЕЖЕСІ

 1.Жалпы ереже

1.1.Осы Ереже Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (бұдан әрі — ҚМДБ) мешіттерінің ішкі тәртіп ережелерін (бұдан әрі – Ереже) анықтайтын негізгі нормативті акт. Ереже Қазақстан Республикасының «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы басқа да заңнамаларының нормаларына, инструктивті құжаттарына және еңбекті ұйымдастыру саласындағы нормативтік актілерге, сонымен қатар ҚМДБ Жарғысына сәйкес дайындалды.

1.2.Мешітке келуші әр адамның негізгі құқықтары мен міндеттерін анықтауды, діни сенім бостандығы құқығын қорғауды, сондай-ақ діни қызметке байланысты басқа да мәселелерді реттеуді, халықтың мәдениеті мен рухани өмірін дамытуда ханафи мазхабының  тарихи рөлін мойындауды, Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық келісімнің,діни төзімділіктің және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеуді негізге алады.

1.3.ҚМДБ мешіт қызметкерлерініңміндеттерінадалорындалуынанегізделеді.

1.4.Мешіт жамағаты (бес уақыт намазға қатысушы, уағыз тыңдаушы, сауат ашу, Құран курстарының шәкірттері, жеке мәселеде келушілер) мешіттің ішкі тәртібінде қарастырылған барлық міндеттемелерге бойұсынуға міндетті;

1.5.Мешітте бес уақыт, жұма, айт намаздары өз уақытында оқылады және оған жағдай жасалады;

1.6.Осы Ережені қолдануда мешіт әкімшілігі өзіне берілген құқықтар шегінде ҚМДБ жарғысы мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес шешеді;

1.7.Ішкі тәртіп Ережесінің мәтіні мешіттегі хабарландыру тақтасына ілінеді.

2.мешітке келушінің негізгі құқықтары

Мешітке келуші төмендегі құқықтарға ие:

2.1. Мешітте құлшылық жасауға;

2.2. Құран Кәрім сүрелерін оқуды үйренуге, діни сауатын ашуға (өтініш негізінде);

2.3. Мешіттегі кітапхана, Құран оқу және ғибадат бөлмелерін тегін пайдалануға;

2.4. Мешіт аясында өтетін діни және мәдени іс-шараларға, дәрістерге, мәжілістерге, байқауларға, сондай-ақ үйірмелерге қатысуға;

2.5. Мешіттің ұйымдастыруымен өтетін спорт секцияларының жұмысына, жарыстарға, денсаулық күніне арналған және т.б. іс шараларға қатысуға;

2.6. Айтылатын уағыздар мен оқытылатын дәрістер бойынша жауапты қызметкерлерден кеңес алуға;

2.7. Ерекше жетістіктері мен мешіттегі оқу және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін марапатталуға;

2.8. Мешіт әкімшілігі ұсынған курстарды таңдауға;

3.Мешітке келушінің міндеттері

Мешітке келушінің міндеттері:

  • ҚР заңдарында және ҚМДБ жарғысы мен мешіт ережесінде бекітілген міндеттерді орындауға;
  • Ережеге сәйкес нұсқаулық талаптары, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өрт қауіпсіздігі қорғанысын ұстануға;
  • Мешіт мүлігін сақтауға, жабдықтар мен техникаларды нәтижелі пайдалануға, интернет желісіндегі жұмыстарға арналған ресурстарды тек оқу және ғылыми-әдістемелік мақсаттарда пайдалануға, жамағат пайдаланымына берілген бұйымдарды күтіп ұстауға, энергия, су мен басқа да ресурстарды үнемдеп шығындауға;
  • Мешітке келушілер ханафи мәзхабына сай құлшылық жасауға, намаздағы «Әмин» дұғасын іштей айтуға;
  • Мешітке келушілер мешіт қызметкерлерін құрметтеуге, басқа да тұлғаларға құрметпен қарауға, сондай-ақ жамағат тыныштығын сақтауға, алауыздық тудырмауға;
  • Мешіт ішінде өзін әдепті ұстауға, өзге де зиян келтіретін істерден алшақ болуға, жалпы адамгершілік және этикалық нормаларды ұстануға;
  • Мешітте тазалық пен тәртіпті сақтауға;
  • Ер кісілер әдепке сай бас киіммен, әйелдер етек-жеңі ұзын киім киіп, орамал тағуы;
  • Мешіт қызметкерлері мен уағызшыларын және мешітке келген ресми қонақтарға құрметпен қарауға;
  • Уағыз барысында уағызшының айтқанын тиянақты тыңдауға, дауыс көтеріп кедергі жасамауға;

4.мешітте жасауға тыйым салынған әрекеттер

  • ҚР Конституциялық құрылысын бұзуға бағытталған саяси мазмұндағы әңгімелерді айтуға, қоғам мүддесіне керағар пікірлерді үгіттеуге, ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға;
  • Қатты сөйлеуге, шулауға, музыка тыңдауға, дөрекі сөйлеуге, жүргізіліп жатқан уағыз бен дәріске және құлшылыққа кедергі келтіруге;
  • Бірін-бірі балағаттауға, дөрекілік танытуға, шу шығаруға, күш көрсетуге, қауіп төндіретін істер жасауға;
  • Мешітке келушілердің мүліктерін ұрлауға, мешіт мүліктерін қасқана бұзып сындыруға немесе бұзақы қылықтар көрсетуге;
  • Мешіт мінбері мен дәрісхананы рұқсатсыз пайдалануға;
  • Мешіт әкімшілігінің рұқсатынсыз мешіт мүліктерін сыртқа шығаруға;
  • Мешіт аумағында темекі шегуге, насыбай атуға, түкіруге, қоқыс тастауға, спирттік ішімдіктер мен уландыратын құралдарды пайдалануға;
  • Суық қару-жарақты, атылғыш заттарды, газ балондарын алып келуге, таратуға, жарылысқа немесе өртке әкеліп соғатын барлық құралдармен бұйымдарды пайдалануға;
  • Құмар ойындарын ойнауға;
  • Ғибадат-құлшылық барысында қосылып тұрған ұялы телефондарды пайдалануға, ұялы телефондарды және басқа да жеке техникаларды мешіттің электр желілерінде рұқсатсыз қуаттауға;
  • Уағыз айту, дәріс оқу барысын бұзуға, атап айтқанда: құлаққап, плеерлер (МР3), планшет, ұялы телефондарды және т.б. қолдануға;
  • Қабырғаларға, аудитория үстелдеріне және басқа да орындарда қандайда бір жазу материалдарын жабыстыруға;
  • Қоғамдық тәртіпті бұзатын саяси сипаттағы іс-шараларды өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы тіркелмеген ұйымдардың атрибутикаларын пайдалануға және ойларын насихаттауға;
  • Мешіттің үлкен залдары мен сатыларында жүгіруге, мешітке келушілерді итеруге, бір-біріне түрлі бұйымдар лақтыруға;
  • Намаз кезінде әкелген балаларды жылатуға, шулатуға;
  • Мешітке шортымен және майкамен (жеңі жоқ футболкамен) келуге;
  • Мешіт ішінде сағыз шайнауға, шемішке шағуға;
  • Мешітке жануарларды әкелуге;
  • Ғибадат-құлшылық, уағыз-насихат немесе дәріс кезінде кез келген алаңдатушы заттарды қолдануға, құлшылық барысын бұзуға, дәрісханаларға рұқсатсыз кіріп шығуға;
  • Мешіт қызметкерлерінің беделін төмендететін жалған мағлұматтарды  (деректерді) ауызша немесе жазбаша түрде таратуға;
  • Мешіт қызметкерлеріне және басшылығына түрлі дөрекі әдепсіз қарым-қатынас көрсетуге, адам абыройын түсіретін бейәдеп сөздерді қолдануға;
  • Мешіт ауласында саяси және өзге де теріс пиғылдағы үнпарақтар, кітаптар, жарнамалар, аудио-видео материялдар таратуға;
  • Мешіт ауласында ресми дүкендерден тыс заңсыз сауда-саттық жасауға.

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранттының шеңберінде ақпараттық қолдау көрсетіледі-  «Дін саласында ақпараттық жұмыстар жүргізу» проектісін іске асыру»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *