Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Еліміздің телеарнасында экстремизмге қарсы түсірілген тұңғыш көркем фильм жарыққа шықты

Астана. 15 қазан. Қазақстанда экстремизмнің алдын алуға арналған тұңғыш көркем фильм экранға шықты. Сенбі күні 22:40-та «Асыл арна» телеарнасының эфирінен «Сергелдең» фильмі жарыққа шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған фильм Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мақұлдауынан өткен. «Асыл арна» телеарнасының төл өнімі еліміздегі экстремизм мен терроризм қауіпінің алдын алып, жат ағымда адасып жүрген қазақ жастары мен азаматтарын дұрыс жолға салуға және отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрді  сақтауға бағытталған.

Фильмде  Алмат Сақатов, Мақсат Сәбитов, Сафуан Шаймерденов, Әйгерім Сәбитова, Сағындық Жұмаділ, Әлия Даниярова, Әсет Есжан секілді актерлар ойнайды.

Фильм идеясының авторы — Мұхамеджан Тазабек, қоюшы режиссеры — Жандос Құсайынов, сценарийін жазғандар — Жандос Құсайынов мен Мұрат Есжан.

Бүгінге дейін елімізде терроризмнің алдын алуға бағытталған түрлі деректер фильмдер түсірілді. Елімізде бір сюжетке ғана құралған 15-20 минуттық қысқаметражды фильмдер жарыққа шыққан болатын.

«Сергелдең» туындысы қоғамдағы өзекті мәселені көтеріп отырған тұңғыш көркем фильм саналады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *