Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нұр-Мүбарак университетіне Қарағанды облысы жыл сайын 10 маманға грант бөледі

Қарағанды. 25 қазан. Жыл сайын 10 теолог маман – бұл Нұр-Мүбарак университеті мен Қарағанды облысы арасында қабылданған өзара ынтымақтастық меморандумының басты шарттарының бірі. Дәл қазіргі уақытта Қарағанды өңірінде де дін саласын жетік білетін теолог мамандар тапшы.  Сондықтан  әкім Ерлан Қошанов мырза  Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни мырзамен кездесу барысында дін мамандарын даярлауға қатысты өзекті мәселелер қозғалып, облыс қазынасынан жыл сайын 10 теолог маман даярлауға грант бөлінетінін мәлімдеді. Осындай маңызды мәселелерді қамтыған өзара ынтымақтастық меморандумы алдағы 5 жылға жоспарланған. Тек Қарағанды үшін ғана емес, еліміз үшін де маңызды меморандум көптеген бұқаралық ақпарат құралдары үшін де жұртшылықтан сүйінші сұрар  жағымды жаңалық болды.

Бұл кездесу «Жастар дәстүрлі құндылықтар үшін» республикалық жастар Форумы аясында өтті. Форумға арнайы шақырылған Нұр-Мүбарак университетінің  ректоры, профессор Жуда Басюни мен Аппарат жетекшісі Болатбек Абуов мырзалар қоғам үшін өзектілікке айналған жастар бойында дәстүрлі құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығы мен қазақстандық патриотизмнің жаңаша ұстанымдарын және халқымызға тән діни сана-сезімді жаңғырту мәселделері талқыланған алқалы  жиында  өз пікірлерін білдіріп, құнды ойларын ортаға салды.

Нұр-Мүбарак  делегациясымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысындағы өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы да жүздесіп, аймақтағы діни ахуалдарға қатысты пікірлесті.

Ал елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жүзеге асқан жастарға қатысты шарада Қарағанды, Теміртау қалаларындағы студенттерге арнайы  дәрістер ұйымдастырылды.  «Жаһандану дәуірінде отбасы құндылықтарын сақтау», «Ұлттық руханият: зайырлы және діни құндылықтар», «Қыз тәрбиесі – Ұлт тәрбиесі», «Тарихи сана және рухани ұлттық жаңғыру»  тақырыптарында пікір-таластар өтті.  Республикалық жастар  Форумы  «Ұлы қазақ ойшылы  Қазбек бидің қызметі мен шығармашылығы – қоғамдық сананы жаңғыртудағы маңызды фактор»  Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасты. Бүгінгі  жаһандану кезеңін тарихпен үндестірген шара жастарға оң ықпал береді деген сенім мол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *