Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбеде сақалдылар сатып жүрген телефондарына тыйым салынған уағыздар салып жіберген

Ақтөбе. 1 қараша. Ақтөбеде бетперде кигендердің базар жанындағы телефон сатушыларды тиеп алып кету оқиғасы алдағы күндері де болуы мүмкін. Оған себеп жоқ емес. Радикалдық бағытты ұстанушылар сататын телефондарына уағыз салып жіберуді тоқтатпай отырғаны белгілі болды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Үлкен проблема бар. Ұрланған, болмаса ескі телефондарды сататын азаматтардың іс әрекеттерінде әлі де радикалды материалдарды тарату деректері болып жатыр. Телефон сатардың алдында өздерінің идеологиясын насихаттайтын бір-екі уағызды салып жібереді. Сондықтан біз ұялы телефон алғанда сақ болуды ескертеміз. Ішінде радикалдық бағытты насихаттайтын элементтер болуы мүмкін. Осындай әрекеттер тоқтамайынша рейд жұмыстары жалғаса береді деп олардың өздеріне түсіндірілді. Кеше қандай уағыз таратты дегенді мен әлі тексерген жоқпын, уақытым болмады. Телефон сатушылардың кіші файлдарды телефонға жүктеп, тарату оқиғалары әлі де болып жатыр», — дейді Балғабек Мырзаев.

Маманның айтуынша, діни жағдайға байланысты мәселелердің көбі еліміздің қазақы өңірлерінде көп.

«Ақтөбеде діни жағдай күрделі деп айта алмаймыз. Ақтөбеде болған жағдай Атырауда, Жеқазғанда, Оңтүстік Қазақстанда да бар. Бірінде орамал бойынша, екіншісінде жат ағым, тағы бірінде тіркелмеген діни бірлестіктер секілді проблемалар бар. Өкінішке орай осындай жағдай еліміздің қазақ тілді тұрғындары көбірек шоғырланған жерлерде болып жатыр. Мемлекеттің өзінің заңнамалық нормаларының сақталуы ең бірінші орында тұруы керек. Біз өзіміздің елдің азаматтары деп көп нәрсеге жеңіл қарап келдік. Өкінішке орай, олар мемекеттің көрсеткен жеңілдігін дұрыс түсінбей, шабуылдарға шыға бастады. Қазір мемлекет оларға сөзге түсінбесең заң нормаларының қолданатынын түсіндіріп жатыр», — дейді Балғабек Мырзаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *