Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Экстремизм мен суицидке жол жоқ!

Тараз. 14 ақпан. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінде «Экстремизм мен суицидке жол жоқ!» тақырыбында семинар өтті.

Соңғы уақытта экстремизм мен суицид тақырыбы тек Ішкі істер саласында ғана емес жалпы қоғамдағы өзекті мәселеге айналып отыр. Осы тақырыпқа байланысты өткізілген семинарға Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Дінтану орталығының» жетекшісі Алпысбаев Бақтияр Қаржаубайұлы арнайы шақырылды.

Ол сөзінде «экстремизм» – бұл қоғамдық нормаларға түбегейлі қайшы, шектен шығатын, саясатты және дінді бұрмалауға негізделген, саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан саясаттың тұрақсыздығынан, экономикалық салдардан туындайтын идеологиялық құбылыс. Экстремизмнің қандай түрі болмасын, насихат жүргізу арқылы мақсат-мүддесіне жету жолындағы астарлы саясат жүргізуге бағытталған. Экстремизм – бұл қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қайшы, үкімет билігінің беделіне нұқсан келтіру немесе құлдыратуға, күйретуге бағытталған. Сонымен қатар, діни-саяси идеология жүргізу арқылы қоғамдағы қарым-қатынасты ыдыратып, ұлттық қауіпсіздікке, конституциялық құрылымға бағытталған қылмыстық әрекет екендігін айтып өтті. Біз бойымыздағы рухани байлықты салт-дәстүрімізден, дінімізден сіңірсек, қазіргі қоғамдағы суицид, экстремизм тақырыбы осыншама өзекті тақырыпқа айналмаған болар еді. Еліміздің тарихына зер салсақ бұрын-соңды ата-бабамызда өз-өзіне қол жұмсау, отанға сатқындық жасау сынды жігерсіздік қасиетінің болмағандығын аңгарар едік. Отбасындағы рухани, салт дәстүрімізді өз бойына сіңіріп, адамгершілік пен мейірім, отанға, ата анаға деген құрметті жете түсініп, жанына жалау етіп өскен ұрпақ еш уақытта экстремизм сынды сұр жыланды санасына сіңірмек емес. Мұндай тәрбие алған адам экстремистік насихат жүргізушілердің түпкі ойын бірден түсініп, таразылай алары хақ» деп сөзін қорытындылай түсті Бақтияр Қаржаубайұлы.

Семинарда тақырыпқа байланысты бейнебаян көрсетілді. Кадр жұмысы бөлімінің бас маман психологы суицидтік әрекетке барушы мен экстремистік көзқарастағы адамдардың ортақ ерекшеліктерін айтып, суицидтің алдын алу үшін адамның өзін-өзі рухани тұрғыдан байытуы тиіс екенін, қала берді діни сауатты да болуы қажет екендігін тілге тиек етіп, әр азамат қоғамдағы болып жатқан өзгерістерден әрдайым хабардар болып, заман талабына сай икемделуі қажет екенін, сонымен қатар өмірде кездесетін қиыншылықтарды тек сынақ ретінде қабылдап, кезекті бір өмір өткел ретінде қарауға шақырды.

Назира Ақылова

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Өрт сөндіру мекемесінің Кадр жұмысы бөлімінің бас маман психологы азаматтық қорғау майоры 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *