Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бағдар — діни ахуал тұрақтылығын қамтамасыз ету

Ақтөбе. 15 ақпан. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен діни бірлестіктермен байланыс кеңесінің отырысы өтті. Оған діни бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен дінтанушы ғалымдар қатысты.

Отырыс кезінде діни ахуал сарапталып, оны әрі қарай жақсарту шаралары қаралды.

2017 жылғы іс-шаралар қорытындысы туралы баяндаған облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағамбетов есеп беру кезеңінде аймақтағы діни ахуал тұрақты болғанын атап өтті. Баяндамаға сәйкес, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, дін мамандарының сапасын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттырудағы пәрменді шаралар қабылданған. Бүгінде облыс мешіттерді имамдармен қамтамасыз ету жағынан Қазақстан бойынша көш басында тұрған үш өңірдің қатарында.

«Мықты деген 15 теолог пен психологтан құралған сарапшылық кеңес облыстағы діни ахуалға ай сайын талдау жасайтын болады.  Сондай-ақ өңірге беделді теологтарды тарту жұмыстары да жалғасуда. Олар 2017 жылы мақсатты топтардың өкілдерімен 1500 жеке кездесулер мен әңгімелесулер өткізді. Деструктивті дін ұстанушылар саны азайып келеді: өткен жылдың қорытындысы бойынша 400-ге жуық адам дәстүрлі дінге оралды», — деп мәлімдеді Ж.Қалмағамбетов.

Облыс әкімінің тапсырмасына сай, деструктивті дін ұстанушыларды жұмысқа орналастырудың кешенді жұмыстары жалғасып жатыр, соның ішінде оларды өз істерін ашуға ынталандыруда. 2017 жылдың екінші жартыжылдығының өзінде 240-тан аса адам кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары ұсынған мүмкіндіктерін пайдаланған.

Жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, сондай-ақ мектеп формасын сақтамаған оқушылардың ата-аналарымен де жүргізіліп жатыр.

«Оқу жылының басында өңірде 400-ге тарта  оқушы мектеп формасын сақтамаған. Олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 278 баланың ата-анасы мектеп талаптарын мойындады. Бұған білім беру саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор деп санаймын», — деді Жолдас Қалмағамбетов.

Баяндаманы тыңдаған облыс әкімі барлық бағыттар бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды және бақылауды күшейтуді тапсырды.

«Біз қол жеткізілген жетістіктерге тоқталмай, қарқынды бәсеңдетпей, жұмысты жалғастыруымыз қажет», — деп түйіндеді облыс басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *