Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбеде діни радикализм тақырыбында қойылым көрсетілді

Ақтөбе. 26 ақпан. Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры 25 ақпан күні «Үлкен сұрақ» атты қойылымның премьерасын өткізді. Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының тапсырысымен сахналанған бұл қойылым консервативтік діни көзқарасты ұстанушы жастар Сәлімбай мен Сәнияның тағдыры туралы, деп хабарлайды «Азаттық Радиосы«.

— Бұл болған оқиға негізінде жазылған сценарий. Қойылымның басты кейіпкері ақтөбелік әйел залда, көрермендердің арасында отырды. Ол ата-анасының қарсылығына қарамай, 15 жасында радикалға тұрмысқа шыққан. Сирияға аттанып бара жатқан күйеуі талақ еткеннен кейін Сәния (шын есімі басқа) тағы да екі мәрте тұрмыс құрады. Теріс ағымды ұстанушы кейінгі күйеулері де оны қолдан қолға өткізіп, талақ етеді. Кейін біздің теологтар біраз жұмыс істегеннен кейін Сәния дәстүрлі исламға оралды. Қазір оның жасы 22-де, – дейді Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағамбетов.

Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы «Үлкен сұрақ» қойылымын сахналау үшін 1 миллион 200 мың теңге жұмсаған. Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, Ақтөбеде діни радикализмнің алдын алу жолындағы жұмыстар екі бағытта жүргізіледі. Соның бірі -профилактикалық іс-шаралар. «Үлкен сұрақ» қойылымы мен осыған дейін жергілікті кинотеатрларда көрсетілген «Қара жол» көркем фильмі радикализмнің алдын алу үшін дін істері басқарамасының арнайы тапсырысымен әзірленген.

— Діни радикализмнің алдын алу жолындағы жұмыстардың екінші бағытында «жат ағым жетегінде жүрген» азаматтармен теологтар жеке кездеседі. Кездесулер санына қарай теологтарға төлемақы беріледі, — дейді Жолдас Қалмағамбетов. Дін істері басқармасының басшысы «көпшілік теріс ағым жетегінде кетіп қалмауы үшін қажет» алдын алу шараларына биыл облыс бюджетінен 17 миллион теңге жұмсалатынын айтты.

Ақтөбеде діни экстремизм тақырыбында қойылым бұған дейін де сахналанған. Жабал Ерғалиевтің «Есігімді қаққан кім?» деп аталатын пьесасы 2016 жылы күзде биліктің «діни тақырыптағы қойылым қажет» деген тапсырмасынан соң сахналанған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *