Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дөңгелек үстел жұмысы нәтижелі аяқталды

Астана. 2 наурыз. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы және спорт министрлігінің Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы бірлесе отырып, «Ортағасырлық діни қолжазбалардың қазіргі діни сананың қалыптасуына әсері» атты дөңгелек үстел 2018 жылдың 28 ақпанында өткізді.

Аталмыш шараны ұйымдастырудағы мақсат рухани мәдениетіміздің мәнді мұралары болып табылатын ортағасырлық діни қолжазбалардың ұлттың діни танымы мен рухани құндылықтарын терең танытатын туындылар ретіндегі маңызын  насихаттай отырып, оларды зерделеу және жариялау жолдарын талқылау болатын.

Дөңгелек үстелді Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филол.ғ.к., ясауитанушы Әбдірәсілқызы Айнұр жүргізді.

Дөңгелек үстелге Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Садуов Асылхан Жұмабайұлы, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, филос.ғ.д., Әбуов Айдар Парқұлұлы, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің кеңесшісі Масуд Шейх Зейнеддин, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филол.ғ.д., Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті тарих факультетінің профессоры, тарих ғ.д. Мақсат Алпысбес, Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының ғылыми қызметкері, т.ғ.д. Дүкенбаева Зада Оразғалиқызы, Еуразия Ұлттық Университеті Дінтану кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.к. Тышхан Кеңшілік, Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры, филол.ғ.к. Қорғанбеков Болат Сағынбекұлы, ҚМДБ өкілдері және басқа да дінтанушы, исламтанушы ғалымдар мен ізденушілер қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстанда сақталған ортағасырлық діни қолжазбаларды жинақтау және мәтінтанулық зерттеулер жүргізу, қазіргі қазақ тілі қалыбына көшіріп, жарыққа шығару, ғылыми айналымға енгізіп, отандық оқырман игілігіне жарату сияқты мәселелер жан-жақты талқыланып, ғылыми тұрғыдан қарастырылды. Сонымен қатар, отандық қолжазбатанушы мамандарды даярлау, исламтану және дінтану мамандарын ортағасырлық мәтіндермен жұмыс жасауға бағдарлау, діни мәтіндерді қазіргі білім беру жүйесіне саралап енгізу, олардың насихатталуы мен танытылуын ұйымдастыру мәселелері де назардан тыс қалмады.

Дөңгелек үстел қорытындысында қолжазбатанушы мамандарды даярлау мен тәжірибесін жетілдіру мәселесіне қатысты жасақталған ұсыныстарды ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарауына жолдау,  Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында қолжазбатану курстарын ұйымдастыру, осы бағытта халықаралық деңгейде ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырып, ақпарат алмасу,  екі орталықтың жұмысын ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасаса отырып, жүйелі негізде жалғастыру жөнінде шешім қабылданды.

Қызу талқылауға толы дөңгелек үстел жұмысын қатысушылар жоғары бағалап, ізгі ниетпен ұйымдастырылған шараның жемісті жалғасын табуына тілектестік білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *