Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Адасқандар» Созақта жүр…

Шымкент. 5 наурзы. Бүгінде терроризм мен экстремизмге қарсы күрес қарқынды жүргізілуде. Құрғақ айқаймен ұрандатудың әсте қажеті жоқ, әрине. Дәлелмен, айғақпен көрсету санаға сәуле түсірері анық.

Осы мақсатта жуырда Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында Таукент кентінің мәдениет үйінде Ж.Шанин атындағы драма театрының «Адасқандар» атты сахналық қойылымы көрсетілді. Бұл іс шараның мақсаты — еліміздегі теріс ағым өкілдерінің қоғамдағы зиянды жақтарын халыққа көрініс арқылы жеткізіп, ой салу.

Сахналанған қойылымға кент тұрғындары, №24 кәсіптік колледж студенттері мен І.Кеңесбаев, С.Әліұлы атындағы жалпы орта мектеп оқушылары тамашалады. Қойылымның санасы солқылдақ жастардың теріс жолға түспеуіне титімдей де болса ой салса, онда ұтқаны.

Ақпарат көзі://otyrar.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *