Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанда 40-тан астам содырдың көзі жойылды

Қабул. 6 наурыз. Ауғанстан әскері елдің бірнеше провинциясында қарулы топтарға әуеден соққы беріп, 40-тан астам содырдың көзін жойды, хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Әскери операция Гильменд, Орталық Урузган және Джаузджан өңірінде жүзеге асырылды. Әуе соққысы кезінде «Талибан» радикалды қозғалысы мен «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының 2 базасы және бірнеше қару-жарақ қоймасы талқандалып, ондаған көлігі жойылды. Бірақ шара кезінде бейбіт тұрғындардың жағдайы қалай болғаны белгісіз. Айта кетейік, соңғы айларда тәліптер ауған астанасында бірнеше ірі теракт жасап, ондаған адам опат болды. Ал ресми дерекке сүйенсек, өткен жылы бұл елде содырлардың шабуылынан 3 жарым мың адам қаза тауып, жеті мыңға жуығы жараланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *