Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Деструктивті діни ұйым жақтаушыларының психологиялық өзгерістері» тақырыбында дінтанушылармен кездесу

Шымкент. 12 наурыз. Оңтүстік Қазақстан индустриалды-құрылыс колледжінде діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу жұмыстары бойынша «Деструктивті діни ұйым жақтаушыларының психологиялық өзгерістері» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі «Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің маманы, дінтанушы (теолог) Медет Халықовмен кездесу ұйымдастырылды.

Іс шара барысында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің тапсырысы бойынша дайындалған бейнероликтер мен бейнефильмдер көрсетіліп, «Дін және дәстүр тағылымы», «Дін және қазіргі заман» атты кітапшалары колледж кітапханасына тарту етілді.

Колледж директорының орынбасары С.Әуесханов қатысқан студенттер атынан кездесуге келген теолог мамандарға алғысын білдірді.

Ақпарат көзі; ОҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *