Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

54 атыраулық, 67 бала Сирияда жүр

Атырау. 16 наурыз. Сирия соғысы басталғалы бері Атырау өңірінен 54 адам «отты нүктеге» шығып кеткен. Бір қызығы, соғыс даласына өз еркімен аттанғандардың денін әйелдер құрап отыр. Мәселен, аталған 54 адамның 33-і әйелдер, 21-і ерлер. «Соның ішінде отбасымен үдере көшіп кеткендердің саны – 14. Қазіргі таңда бір ғана біздің аймақ бойынша 67 бала соғыс даласында жүр» деп мәлімдеді Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев жергілікті Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәжілісінде.

Тіркеуде — 3200 псевдосалафилер

Көпшілігі Ресей, Түркия арқылы Сирия асқандардың қазіргі таңдағы тағдыры белгісіз күйінде қалып отыр. Айта кетерлік тағы бір жайт, бүгінгі таңда радикалды-экстремистік сипаттағы ағымдардың жетегінде кеткен азаматтардың Атырау облысы бойынша тіркелгендерінің саны 3200-ді құраған. Айталық, 2015 жылы тіркеуге алынған бұл санаттағылардың саны 1800-ді құраса, 2016 жылы олардың саны 2000-нан асқан. Бірақ, осы жерде спикер «тіркеуге алынды» және «көбейді» деген сөздердің арасын ажырата білуді сұрады. «Ақпараттық талдау орталығында арнайы база бар. Ол база болмаса, біз бұл бағыттағы жұмысқа мониторинг жасай алмаймыз. Аталған цифрлар жат ағымдағылар санының өсіп жатқанын білдірмейді. Бұл тіркеуге алынып жатқан азаматтар. Яғни, бұл — басқарманың құзырлы органдармен бірлесе отырып, атқарған жұмысының нәтижесі» деп нақтылады спикер.

Жат ағымнан 54 адам бас тартты

Белгілі болғанындай, қазіргі таңда басқарма оңалту жұмыстарын айрықша назарда ұстап отыр. Бүгінде басқармаға қарасты теолог-мамандар «терроризм» бабымен сотталып, түзету мекемелерінде отырған 37 адаммен күнделікті кездесіп, жұмыс жүргізуде. Насихаттық жұмыстан бөлек, құқық бұзбаған, бірақ, жат ағымның идеологиясын қабылдағандармен арада да байланыс орнаған. «Ондай азаматтарды негізінен «Шапағат» және «Ақпараттық талдау» орталықтарына туыстары алып келеді. Ол азаматтармен теологтар, білікті мамандар сұхбат құрады. Айталық, қазір абақтыда отырғандар алдымен Дарын Мубаровты тыңдады. «Кейін Саид Бурятскийдің уағызына көшті. Одан әрі Октам Зәуірбеков пен Назратулланы (жат идеологияны таратушылар – Авт.) тыңдап, шатысып жүрген кезде қылмысқа барды» деп, нақты мысалдар келтіреміз. Салафизм, уахабизм ағымдарының негізгі қателіктерін көрсетеміз. Бастысы, біз ол азаматтарға салыстыру мүмкіндігін береміз. Осындай жұмыстар нәтижесінде, өткен жылы 54 адам жат ағымнан бас тартып, дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабына оралды» деп атап өтті басқарма басшысы Қайролла Көшқалиев.

Ақпарат көзі: JasQazaq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *