Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру мәселелеріндегі жаңа тәсілдер

Қостанай. 12 сәуір. Қостанай педагогикалық колледжінде Қостанай облысының «Діни мәселелерді зерттеу орталығы» ҚМУ мамандары сәрсенбі күні, 11 сәуірде, 2 курс студенттері үшін жастар ортасында тең-теңімен принципі бойынша толеранттық тәрбие туралы сұхбат өткізді, деп хабарлайды колледж баспасөз қызметі.

«Летучий отряд» жастар бірлестігінің эксперті интерактивті тәсілде студенттерге терроризмнің деректері мен себептері туралы айтты, тарихи мысалдар келтірді, толеранттылық, радикализмтерроризм, экстремизм түсініктеріне анықтама берді. 

Сұхбат барысында ұйымдастырушылар кез-келген түрдегі экстремизм мен терроризм (діни немесе саяси) бүгінгі таңда әлемдік қауымдастық алдында тұрған ең қауіпті мәселелер қатарына кіретіндігін атап өтті. Оларға қарсы күресте қарсылық көрсетудің әртүрлі тәсілдерін пайдалану маңызды – саяси, күш-қуаттық, ақпарттық, алдын-алушылық, психологиялық. М-21, Т-21, У-21 тобының студенттері экстремистік әрекетте және ұлтаралық қақтығыстардың алдын-алуда студент жастарды тартуды болдырмау мәселесі бойынша диалогта белсенділік танытты. Қатысушылар терроризм елдің ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретінін атап өтті. Экстремизм, жеккөрушілік пен араздықтың көрінісі ретінде, көптеген жастарға әсер етеді.

Сондықтан терроризм мен экстремизмге қарсы тұру үшін, әсіресе жастар ортасында, билік органдарының,  құқық қорғаушылар құрылымдарының және азаматтық қоғамның өкілдерінің күштерін біріктіру қажет.

Педагог-ұйымдастырушы

Морозенко С.М.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *