Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жаратушы біреу, жолдар әртүрлі – Назарбаев имамдарға тарихты оқуға кеңес берді

Астана. 13 сәуір. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында дайындалған оқулықтың таныстырылымында дін өкілдеріне әлемдік діндердің шығу тарихын оқуға кеңес берді, деп хабарлайды Today.kz.

«Мен барлық кітаптың бетін аштым, ең негізгі мұсылман, христиан, иудей діндерінің кітаптарын. Егер біздің молдалар солардың бәрін білсе, экстремистерге де, террористерге де дұрыс жауап бере алар еді. Олар білмейді. Дін өкілдері өздерінің жұмыстарын дұрыс атқару үшін діннің шығу тарихын білуі керек. Түптің түбінде жаратушы біреу, жолдардың әртүрлі екенін түсінуі керек. Біз әлемдік дәстүрлі діндердің съезін өткізгенде осы туралы айтамыз. Бірақ діндер арасында қандай соғыс болып жатқанын қараңыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, Елбасының қатысуымен «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында дайындалған 18 оқулықтың таныстырылымы өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *