Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы мәселелер бойынша дөңгелек үстел

Тараз. 17 сәуір. Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында діни экстремизм мен терроризмге қарсы мәселелер бойынша дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады сот баспасөз қызметі.

Дөңгелек үстелге судьялар  Д.М. Джумабеков, А.Ш. Маликова, Л.И. Ильясова, кеңсе меңгерушісі Қ.С. Назаркулова, бас маман Р. Ратова, бас маман-сот отырысының хатшысы Д. Краубеков, мемлекеттік айыптаушы — Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Б. Қалбаев, Жамбыл облысы адвокаттар алқасының адвокаты Т.С.  Ахметов, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік универститетінің ғалым-оқытушысы, заң ғылымының кандидатты М.О. Досанов, Жамбыл облыстық әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары Е.Ж. Жақыпов  қатысты.

Іс-шара барысында Жамбыл облыстық әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары Е.Ж. Жақыпов  қазақ халқының дәстүрлі діні Ислам дінінің мәзхабы және қазіргі ел ішіндегі дәстүрлі емес діни ағымдардың елімізге келуі, тарауына тоқталып, оларды қабылдаған жастардың діни сауатсыздығы салдарынан қателіктерге бой алдыруы, «ғаламтор» арқылы діни әр түрлі діни ұйымдардың теріс уағыздарды тарататындығы туралы айтып өтті.

Сонымен бірге «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» өкілдері дөңгелек үстелге қатысушыларға А. Адилбаевтың және Ш. Адилбаеваның «Причины различия между мазхабами», Н. Қалдыбековтың «Тарихтағы деструктивті діни ағымдар», Н. Калдыбековтың «Деструктивные религиозные течение в истории» атты брошюра кітаптарды мағлұмат алу үшін таратып берді.

Мемлекеттік айыптаушы — Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Б. Қалбаев өз кезегінде облыста түсіндіру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқандығы туралы айтып, сондай-ақ елдің және халықтың бейбіт өмірінің қауіпсіздігін сақтау әрі қорғау – әр азаматтың борышы, деп атап өтті.

Заң ғылымының кандидатты М.О. Досанов «Діни экстремизм мен халықаралық терроризм» тақырыбында баяндама жасап, ұлттық құндылық, тіл мен дәстүр, мәдениет арқылы жас ұрпақтың сана-сезімін жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, өз ойларын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *