Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Теріс пиғылды діни ағымдардың жастар қауымына әсері мен зардаптары

Шардара. 17 сәуір. Шардара қаласы №16 колледж студенттерімен «Білімді болудың артықшылығы», — тақырыбында №16 колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Шертаева, ҚМДБ — ның ОҚО бойынша найб имамы, ЖАНТ мүшесі Д. Желеуов, «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров қатысты.

Кездесу барысында ОҚО бойынша найб имам Желеуов Дастан бүгін де, асыл дінімізбен мүлдем жанаспайтын жат ағымдар жетегінде кеткен қаншама қандастарымыз өз жақындарынан, достарынан теріс айналып жатқаны баршаға мәлім.

«Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмайсың», — деген халқымыздың аталы сөзі бекер айтылмаған.

Сондықтан да балалардың бойына жастайынан ізгілік, имандылық, отансүйгіштік, қайырымдылық, кішіпейілділік, адалдық секілді қасиеттерді сіңіру мен тәрбиелеуде отбасы маңызды рөл атқарады.

Демек, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», — дегендей, баланы балабақшадан бастап тұлға ретінде қалыптастыруға, мектеп қабырғасында тілімізді, мәдениетімізді қастерлеуге, жоғарғы оқу орындарында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге үйретуіміз қажет.

Тек сонда ғана осындай теріс пиғылды діни ағымдарға бөгет қоя аламыз. Себебі, біздің халқымыздың мақсаты – ынтымағы мен бірлігінсақтап, бейбіт өмір сүру.

Ақпарат көзі: Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *